21.08.2020 _ 14:05

Оң рульге тыйым салынған. Бірақ қайта жабдықталған көлікті тіркеуге болады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайыновтың айтуынша, КО ТС 018/2011 19-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында М және N санатындағы рульдік басқару оң жақта орналасқан көлік құралдарын айналымға шығаруға тыйым салынады.