29.01.2021 _ 16:30

Сарапшы: елдегі індетті жою үшін кем дегенде 6 ай бойы инфекцияның үзілген тізбегін сақтау керек. Вакцинация бұған септігін тигізуі керек

Қазақстандық және ресейлік вакциналармен вакцинация талаптары бірдей. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының ғылыми кеңесшісі Әлім Әкімбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифинг барысында хабарлады.

Сарапшы вакцинацияның басты мақсаты иммунологиялық тиімділігі бар, иммунитетті тудыратын профилактикалық аппараттың болуы екенін айтты.

«Эпидемиологиялық бағалау бойынша, егер ұзақтығы алты айлық иммунитет болса, жеткілікті, және ол осы уақыт ішінде індеттің таралуының үзілген тізбегін сақтайды. Бұл індеттің жеке мемлекетте тоқтауы үшін жеткілікті. Әрине, қазір барлық мемлекеттер вакцинация өткізуге тырысуда. Бұл індетпен емес, пандемиямен күресуге қосқан үлес. Бірақ пандемиямен күресуге толық үлес қосу – бұл вакцинациялау мүмкіндігі жоқ «үшінші әлемге» қамқорлық жасау, Африка мен Азияның кедей елдерінде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлем бойынша адамзат коронавирустық инфекцияның ошақтарын толығымен жойып, пандемияны түбегейлі жеңуі үшін жұмыстар жүргізуі керек. Себебі, егер бұл ошақтар «басылып» қалса, қазіргі жағдайда трансшекарааралық ауысу Қытайдағыдай пандемияға алып келуі мүмкін», - деді Ә.Әкімбаев.