Қазіргі кезде экспортқа бағытталған компанияларда қалыптасқан жағдай қуантарлық емес. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Өкінішке орай, бүгінде елде тұрақты экспорттаушылар өте аз – компаниялардың немесе 445 субъектінің жалпы санының 2% - інен аз. Сонымен қатар, олардың 81% – ы шағын және орта бизнес өкілдері екені қуантады. Олардың үлесі жылдан жылға артып келеді. Негізінен экспорттаушылар миллион тұрғыны бар үш қалада - Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Шымкентте шоғырланған. Экспортқа бағдарланған ең аз облыс – Ақтөбе облысы. Бұл өнеркәсіптік болып көрінеді, бірақ төмен бөлініс өнімдеріне шоғырланған», - деп атап өтті Б.Сұлтанов.
Президент өз Жолдауында жаңа экспорттаушыларды өсіру қажеттілігіне назар аударды. Шикізаттық емес өндірушілер үшін экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосуды тапсырды.
«PricewaterhouseCoopers халықаралық серіктесімен бірге біз осындай бағдарламаны іске қостық». Ағымдағы жылы нысаналы нарық ретінде біз Қытайды талаптар бойынша ең күрделі, бірақ мүмкіндіктері жағынан да зор деп таңдадық. Акселераторға қатысу үшін ниет білдірген 500 компанияның ішінен ҚХР-ға экспорттауға бағытталған тамақ өнеркәсібінің 35 кәсіпорны іріктелді. Ағымдағы жылдың қараша айына қарай бұл компаниялар тереңдетіп оқытуды аяқтап, қажетті экспорттық құзыреттерге ие болады. Қазақстандық өнімдерді қытайлық сатып алушыларды іздеу және олармен онлайн бизнес - кездесулерді дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Акселератордың қатысушылары Шанхайдағы 3-ші халықаралық Қытай импорттық тауарлар мен қызметтер көрмесінде өз өнімдерін ұсынады. Бұл өте жақсы алаң. Өткен жылы біз 35 компания апарып, нақты экспорттық келісімшарттар жасай алдық», - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, барлық оқыту семинарларының бейнелері министрлік пен «QazTrade» компаниясының сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында пайдаланушылар үшін қолжетімді. Бақыт Сұлтанов Қытаймен жұмыс істеп жатқан немесе қытайлық нарыққа шығу туралы ойланатын кәсіпкерлерді ҚХР-да жұмыс істейтін сарапшылардың осы видео сабақтарын көруге шақырды.
«Біздің міндетіміз - жыл сайын 100 жаңа компания дайындап, 2025 жылға қарай тұрақты экспорттаушылардың санын қазіргі 445-тен 1000 жеткізу. Сондықтан біз кейінгі жылдары басқа да нысаналы нарықтар мен салалар бойынша экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыруды жалғастырамыз. Бұл ретте қазақстандық өнімді экспорттау кезінде туындайтын проблемаларды уақтылы анықтауға және жедел ден қоюға баса назар аударылатын болады», - деді министр.