10.11.2020 _ 09:55

Шалғайдағы филиалдық желісі бар 1163 дәріхана COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер алады

Жаздағыдай дүрлігудің және дәрі-дәрмек тапшылығының қайталануын болдырмау үшін СК-Фармацияға ең қажетті препараттарды көтерме сатып алу және бөлшек сауда желісіне өткізу бойынша өкілеттіктер берілген. Бірақ мұндай функционалдылық тек пандемия кезеңінде және тиісті препараттарға қатысты қолданылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Есқалиев мұны ерекше атап өтті. Әкімдіктер қазірдің өзінде 33 тапшы дәрі-дәрмек бойынша тізімдер берді, 3,1 млрд. теңгеге екі айлық қор қалыптастырады.

«Көлем әкімдіктердің өтініміне сәйкес, 17 өңірдегі Бірыңғай дистрибьютордың операциялық қоймаларында қалыптастырылады. Шалғай аудандарда филиалдық желісі бар 1 163 дәріхана анықталды, олар арқылы интервенция жүргізіледі. Осылайша, дәріханалардың бөлшек сауда желісінде тауарлар тапшы болған жағдайда өңірлердің тәртіптемесі негізінде тиісті жеткізу басталады», - деді Есқалиев.

Ол сондай-ақ елімізде өндірілген 10 млн. медициналық маска сатып алынғанын хабарлады. Тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы тегін вакцинациялаумен 1,5 млн. жуық қазақстандық қамтылды.

Желтоқсан айында қоймаларға келесі жылғы дәрі-дәрмектердің алғашқы партиясы келеді.