Бүгінгі күні нарықта COVID-ға бірнеше диагностикалық тест бар. Оның ішінде отандық өндірушілерден. Үкімет 1,2 млн тест сатып алуға миллиардқа жуық теңге бөлді, бұл қор үнемі қолдау табады және тестілер жақын арада түседі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
Анықтама: бүгінде Қазақстанда 46 диагностикалық зертхана жұмыс істейді, тек Нұр-Сұлтан қаласында олардың өткізу қабілеті күніне 10 мың тест өткізуге мүмкіндік береді.
Салалық министрлік басшысы атап өткендей, медициналық зертханалардың қуатын арттыру мақсатында тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализаторлар сатып алынады, бұл Ұлттық сараптау орталығында өткізу қуатын 2,5 есеге арттыруға және халықты COVID-19 тестілеумен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.
«Қиын сәтте әлеуметтік жауапты бизнес өз көмегін көрсетуде. Демеушілік көмек аясында бизнесмендер зертханаларды жеткізіп, жеке зертханаларды дамытуға жағдай жасауда», - деп атап өтті А. Цой.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, халықты жедел жәрдем бригадаларымен тестілеумен қамту үшін шақыруларға тест алу ұйымдастырылады. Тесттерді алудың жеке пункттерінің саны артады. Әрбір өңірде эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықты COVID-19-ға тестілеумен қамту жөніндегі талаптарды анықтау жоспарланып отыр.