07.07.2020 _ 11:30

Қызылорда облысында пневмонияға шалдыққандар саны 10 есеге артты

Қызылорда облысында пневмонияға шалдыққандар саны 10 есеге артты

Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

Облыс әкімінің медицина мекемелерін аралау барысында бірқатар ауруханада оттегі баллондарының жетіспеушілігі байқалған.

«Облыс орталығындағы барлық ауруханаларды үздіксіз, жеткілікті көлемде оттегі баллондармен қамтамасыз ету үшін өндіруші мекемелермен бірлесіп жұмыс жасау туралы қала әкіміне тапсырдым»,-деді Г.Әбдіқалықова.

Маусым айының ортасынан бастап пневмония дертінің өршуімен жағдай бұрынғыдан күрделеніп келеді. 2019 жылдың маусым айында осы аурумен 147 адам тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 10 есеге артып, 1740 науқасқа көбейген. Өңір басшысы енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, сақтық шараларына ерекше ден қоюға шақырды.