25.11.2020 _ 11:50

ТЖ кезінде тарифтер орта есеппен 7,4%-ға төмендеді

1 айда тұтынушылардың үнемдеуі шамамен 1 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

Оның айтуынша, ҚР Президентінің тапсырмасы аясында 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, төтенше жағдай және карантин кезеңінде Қазақстан бойынша халық үшін тарифтер орта есеппен 7,4%-ға, оның ішінде сумен жабдықтау бойынша 8%-ға, су бұру бойынша 9,3%-ға, жылумен жабдықтау бойынша 7,6%-ға, электрмен жабдықтау бойынша 5,0%-ға төмендеді. Нәтижесінде, тек бір айда тұтынушылар жалпы шамамен 1 млрд. теңге қаражат үнемдей алды.

«Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде монополистерге тұтынушылардың қызмет көрсетушілер алдындағы қарызына байланысты тұтынушыларды коммуналдық қызмет көрсетуден ажыратуға жол бермеу ұсынылды», - деп атап өтті Тарифтік реттеушінің басшысы.