18.02.2021 _ 15:55

Жануарларға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылуы мүмкін - ІІМ

Заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобында талқылау кезінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері қолданыстағы заңнамаға жануарларға жарақат және мертігу, оларды жансыздандыру, сондай-ақ жануарларды таластыруды насихаттайтын баспа, дыбыс-бейне өнімдерін көрсетуге, таратуға тыйым салатын нормаларды қосымша енгізуді ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады. Ішкі істер министрлігі бірқатар баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар әзірледі. Олармен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Өскембаев таныстырып өтті.

«Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасын келісу барысында ҚР ҚК-нің 313-бабы «Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату» бойынша біз айыппұл түріндегі санкцияны 2 мың АЕК-тен 5 мыңға дейін, қоғамдық жұмыстарды 600-ден 1 мың сағатқа дейін, бас бостандығын шектеуді немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсындық. ҚР ҚК 316-бабы бойынша қатыгездікпен қарау себептерінің шеңберін кеңейтуді ұсынамыз, яғни, жануарға ауырсыну немесе азап келтіру мақсатында пайдакүнемдік ниет дегенмен, қатыгездікпен қараудың саралау белгілерінің шеңберін кеңейту – бірнеше жануарға қатысты алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған белгілермен толықтырамыз.

Сондай-ақ, жас балалардың қатысуымен садистік әдістерді қолдана отырып белгілерді саралау жағдайларына аудару. 316-баптың 1-бөлігін қылмыстық теріс қылықтардан онша ауыр емес қылмыстар санатына, екінші бөлігін қылмыстық теріс қылықтардан ауырлығы орташа қылмыстар санатына ауыстыра отырып, санкцияларды қатаңдатуды ұсынамыз - 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жасқа дейін төмендету ұсынылды, бұрын 16 жастан болған», - деді полковник.

Бұдан басқа, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзғаны үшін» айыппұл 2 есе, 20 АЕК-ке дейін өсуі мүмкін.