Қазақстан да «Жаһандық ынтымақтастық. Ортақ жауапкершілік» науқанына белсенді қатысып, ЖИТС-тің алдын алу жұмыстарында жақсы көрсеткіштерге қолжеткізуде. Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Халықаралық СПИД-ке қарсы күніне арналған брифингте ҚР ДСМ ҰДСО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов мәлім етті. Оның айтуынша, ЖИТС ауруымен ауырған адамдардың белсенділігін арттыру, олардың құқықтарын қорғау, оларды кемсітуге жол бермеу және оларды ақпаратпен, қызметпен толық қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеу керек.
«Осы бағытта жақсы нәтиеге қолжеткізу үшін барлық адамдарды қамтамасыз етуіміз керек, қамтуымыз керек. Онсыз басыбайлы жетістікке жете алмаймыз. Бұған қазір елімізде таралып жатқан COVID пандемиясын мысал ретінде келтіруге болады. Өйткені бірде-бір ел жеке бұл ауруды жеңіп, тоқтата алмайды. Бәрі бір-бірімен байланысты», - дейді Ж.Бекенов.
Департамент директоры бұл аурудың емі жоқ болғандықтан, оның алдын алу жұмыстарына баса назар аударылатынын атап өтті. Бүгінде медицина қызметкерлері, медицина саласы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруда. Адамдардың кінәсінен және жауаптылықтың төмендігінен орын алатын жағдайларды азайтып, болдырмау бағытында жұмыстар атқарылып.