14.04.2021 _ 11:45

«QazVac» вакцинасының 50 мың дозасы «СК-Фармация» қоймаларына жеткізіледі –Күнсұлу Закарья

Қазіргі уақытта отандық «QazVac» вакцинасының 50 мың дозасы биологиялық зерттеулерден өтіп жатыр. 25-27 сәуір аралығында бұл вакциналар «СК-Фармация» қоймаларына жеткізіледі. Бұл туралы журналистің сұрағына берген жауабында ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлім етті. Оның айтуынша, вакцина толығымен дайын және институтта сақталуда.
иллюстративное фото с сайта freepik.com

«QazVac вакцинасының 50 мың дозасымен 25 мың адам егіледі. Вакцина екі рет салынады. Ревакцинация 21-ші күні жасалады», - деді спикер.


Ал отандық вакцинаның Түркияда құйылуына қатысты Күнсұлу Закарья елімізде үлкен көлемдегі вакциналарды құятын алаң жоқ екенін атап өтті. 


«Институттың негізгі мақсты – вакцина әзірлеу. Әзірге, Қазақстанда вакцина шығаратын зауыт жоқ. Ол салынып жатыр. Біздің инактивтелген вакцинамыз таза вирустан жасалады. Ол екінші топтағы патогендікке жатады. Екінші топтағы патогендікке жататын вируспен қаланың немесе мегаполистің ішінде жұмыстар жүргізуге болмайды. Вакцинаның қайда құйылатынына қатысты мәселе әлі нақты шешілген жоқ. Бұл шешімді Үкімет қабылдайды», - деді спикер.