26.04.2021 _ 12:30

Жауынгерлік ерлік пен еңбек. Тәуелсіздік жылдары ішінде Ұлттық ұланның 214 әскери қызметшісі мемлекеттік наградалармен марапатталды

Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі жемісті жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3 әскери қызметші «Айбын» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Қайтыс болғаннан кейін. Сонымен қатар, 52 әскери қызметші «Халық алғысы» медалімен наградталды. Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде Ұлттық ұланның 214 әскери қызметшісі мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Иллюстративное фото с сайта gov.kz

«Біз оларды мақтан тұтамыз», - деді ҚР Ұлттық ұланы Әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.


Ұлттық ұлан жауынгерлерінің ерліктері көркем және деректі фильмдер түсіруге арқау болды.  Шынайы оқиғалар мен ерліктерге негізделген «Алтыншы бекет» және «Қазбат» көркем фильмдері қалың көрерменге жол тартты.   


Сондай-ақ, әскер қолбасшылығына көрсетілген көмек пен құтқарғаны үшін алғысын білдірген жергілікті тұрғындардан 500-ден астам хат пен өтініш келіп түсті.