06.05.2021 _ 09:20

6-ның бесеуі. Энергетика министрлігі цифрландырудың аралық нәтижелері бойынша есеп берді

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 бағыт қарастырылған. Министрлік бірінші «Экономика салаларын цифрландыру» бағыты аясында 6 жоба бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл «жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша электрондық аукцион құру»; «мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу» жобасы. Қалған 4 жоба – мұнай-газ кешенінің түрлі ұйымдары. Олардың үшеуі бойынша жұмыстар аяқталды. «KEGOC» АҚ-ның «Қазақстаннның Біріңғай электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқрауды автоматтандыру» жобасын іске асыру жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова мәлімдеді.

Аукциондар онлайн режимде өткізіледі, шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрық бар. Сонымен қатар, есептеу құралдарымен жабдықтаудың бас схемасы бекітілді.


«Бүгінде пилоттық режимде 4 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған. Ағымдағы жылы МОЕАЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда», - деп қорытындылады спикер.