14.05.2021 _ 10:10

МСМ Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде ұйымдастырылатын шаралардың уақтылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді

Мәдениет және спорт мнистрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық жоспарланған шаралардың уақтылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Ақтоты Райымқұлованың халық алдындағы есептік кездесуде мәлім етті. Әрбір шара ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.

«Барлық іс-шаралар жыл басынан бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуда, бүгінгі күні 300-ден астам материал жарық көрді, мәдениет және өнер қайраткерлері мен белгілі спортшылардың қатысуымен 100-ден астам сұхбат берілді. Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми парақшаларында мәдениет саласының, қазақстандық спорттың жетістіктері мен еліміздің туристік әлеуеті туралы 50-ден астам бейнеролик көрсетілуде», - деді А.Райымқұлова.


Жалпыұлттық жоспарға сәйкес, ақпан айы «Қазақстан-спорттық ұлт» ұранымен өтті. 150-ден астам спорттық-бұқаралық шара ұйымдастырылды. 


«#МеніңТәуелсіздіккеүлесім республикалық акциясы және әр спортшы өз жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» челленджін бастады. Сонымен қатар, «Спорттағы 30 айтулы есім» атты аты аңызға айналған отандық спортшылар туралы жоба жүзеге асырылды. Бұл жоба Қазақстанды халықаралық спорттық аренада әйгілеуге түрткі болған спортшыларымыздың жетістіктері, жас спортшыларға мотивация ретінде, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған», - деді министр.