14.05.2021 _ 10:20

Қалыптасқан жағдайға қарамастан, жыл нәтижелі болды – А. Райымқұлова

Ең алдымен, 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Бұл еңбекақыны көтеру, арнайы ай сайынғы ақшалай төлемдер, қосымша жүктеме үшін қосымша төлемдер белгілеу, туындылардың авторларына қаламақы төлеу, қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында алғаш рет шығармашылық одақтарды қолдауға қаражат бөлінді.

«Айта кетейік, әл-ауқатты жақсарту, еңбекақы төлеуді жетілдіру, сала қызметкерлерін ынталандыру, сол арқылы азаматтарымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету жұмыстың негізгі басымдығы болып табылады. Осы міндеттердің барлығы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!», сондай-ақ еліміздің басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында алға қойылған», - деп атап өтті ведомство басшысы.