11.06.2021 _ 10:50

Көлікті онлайн сатып алу және сату. Қызметті ондаған мың қазақстандық көлік иелері пайдаланды

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету саласына ерекше мән беріледі. Оларды алу тәртібі жеңілдетіледі. Процесті автоматтандыруға және азаматтарға ыңғайлы болу үшін «байланыссыз» әдіске көшуге баса назар аударылады. Жыл сайын ІІМ желісі бойынша азаматтар 17 млн-ға дейін қызмет алатын. Қазір электронды форматта ұсынылатын қызметтер деңгейі 95% - ға дейін жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында министр Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта drom.ru

Оның айтуынша, ІІМ, әділет және қаржы министрліктерінің деректер базасын интеграциялау процестерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Мысалы, 2019 жылғы қарашадан бастап ІІМ көрсететін қызметтер тізбесінен мекен жай анықтамасын беру алынып тасталды. Бұған дейін оны жыл сайын 10-нан 12 миллионға дейін азамат алып келген. Енді бұл мәліметтерді тікелей «электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Сондай-ақ көлікті тіркеу қызметі жеңілдетілді.


«Жыл сайын 2 млн-нан астам азамат автокөліктерді сатып алу және сату кезінде ХҚКО-ға нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін келетін. Енді бұл қажеттілік жойылды. Тіркеу қызметі «электрондық үкімет» порталында және банктердің мобильді қосымшалары арқылы «онлайн» форматқа ауыстырылды. Бұдан басқа, енді азаматтар ХҚКО-дағы кез келген ұнаған мемлекеттік нөмірді таңдай алады. Бұл ретте кез келген ыңғайлы ХҚКО - да құжаттар мен көлік нөмірлерін алуға немесе оларды үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады», - деді ведомство басшысы реформаның қорытындысы жайлы айта отырып.