16.06.2021 _ 15:50

Балалар үйірмелері мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыруды іске қосу процесі автоматтандырылды

Балалар үйірмелері мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыруды іске қосу процесін автоматтандыру мақсатында Artsport.edu.kz ақпараттық жүйесі әзірленді, оған республиканың барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар қосылған. Artsport.edu.kz ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша барлық өңірлердің өкілдері оқытылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Ерлан Қожағапанов мәлім етті.
фото с сайта freepik.com



«Бүгінгі күні ақпараттық жүйеде оператордың және өнім берушінің «автоматтандырылған жұмыс орны» (АЖО) секілді негізгі функционалдар іске асырылды, сонымен қатар ата-ананың, жаттықтырушы мен оқытушының АЖО функционалдарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша жүйеде 500-ге жуық өнім беруші мен 8 мың пайдаланушы тіркелген, олардың 4 мыңы – балалар», - деді спикер.  


Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің хаттамалық шешімімен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері балаларды мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыспен қамтуды ұлғайтуға жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлуде.