24.07.2021 _ 19:40

Андрей Крюков: Елдос Сметовтың жеңісі – Токио Олимпиада ойындарындағы барлық қазақстандық спортшылар үшін бағдар болмақ

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков бүгін Токиода өткен Олимпиада-2020 ойындарында алғашқы қола медальді жеңіп алған дзюдошы Елдос Сметов бүкіл командаға бағдар беретініне сенім білдірді.

«Токиода өнер көрсететін балаларымыз үшін Елдос Сметовтың жеңісі – бұл үлкен бағдар. Бүгін Елдос дәстүрді жалғастыра алатынын дәлелдеді, ол елдің ең атақты дзюдошысы болды. Бұл Олимпиада ойындарының алғашқы күндерінде болғанына өте қуаныштымын. Мұндай жеңіс бүгінде бүкіл командаға үн қосады. Біз бұл қуанышты отандастарымызбен бөлісеміз», - деді Андрей Крюков.


Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, ол Нидерланд спортшысы Торнике Тсакодеадан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті».