17.09.2021 _ 10:10

«Астана Балет» театрының IX театр маусымының ашылуы

Қыркүйекте «Astana Ballet» театрының жаңа маусымы басталды. Әртістер сахнаны, көрермендер қойылымдарды сағынды. Кездесу керемет өтті. Пандемияға байланысты бір жылдан астам уақыт бойы тыйым салынған ұжымның көптен күткен жұмысы туралы театр директоры Александр Совостьянов баяндады. Ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында көпшілікпен жағымды жаңалықтарымен бөлісі, осындай мүмкінік берілгені үшін алғысын білдірді.

Жаңа маусымда мазмұнды бағдарлама ұсынылады: театр репертуарындағы ең үздік және премьералық қойылымдар көрерменге көрсетіледі. 


«IX театр маусымына ауқымды жоспарымыз бар - жыл соңына дейін 3 Үүкен Премьера өтеді. Қазан айында біздің сахнада «Кіші Броннаядағы» театрдың гастрольдері өтеді - «Леонид Ильич Брежневке қарсы Жарқанат адам. Кеңестік триллер» спектаклі көрсетіледі. Бұл тамаша антрепритті спектакль, біздің ойымызша, өте қызықты болады. Бұл мәдениет және спорт министрлігі елорда әкімдігімен бірлесіп өткізетін театр апталығы болмақ. Жақын арада театр апталығы жарияланады. Баршаңызды шақырамыз және көрермендеріміздің саны артады, бәрінде «Ashyq»-та «жасыл мәртебелер» болады деп үміттенеміз. Баршаңызға денсаулық тілеймін! Көрерменге лық толы залда әртістердің өнерін тамашалайық!», - деді театр директоры шығармашылықты бағалаушыларға қаратып айтқан сөзінде. 


Сондай-ақ, спикер гастрольдік қойылымдарын тамашалауға шақырды. «Astana Ballet» театрының ұжымы «Ұлы Дала мұрасы» қойылымымен Түркістанға барады, қазан айының соңында Дубай операсының сахнасында Мукарам Авахридің «Сұлтан Бейбарыс» және Юрий Григоровичтің «Махаббат туралы аңыз» балеттерін көрсетеді.