12.10.2021 _ 12:20

1,5 мыңнан астам бала мектепте КВИ жұқтырды - елорданың бас санитарлық дәрігері

CОVІD-19 жұқтыру құрылымында ересек тұрғындар 79,7%-ды құрайды, оның ішінде 20,3% - 30-39 жастағылар; 27,8% - 40-59 жастағылар және 20,1% - 18-29 жастағылар. Жағдайлардың 11,5% - 60 жастан асқандар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова осындай мәліметтерді жария етті.


Оның айтуынша, қыркүйек айында індет жұқтырған балалардың үлес салмағы 16-дан 24,3% - ға дейін, жасөспірімдердің үлес салмағы 2,5-тен 5,4% - ға дейін артты. Науқастанған оқушылардың үлесі 2,3-тен 20% - ға дейін өсті.   


«Оқу жылының басталғалы CОVІD-19 жұқтырған оқушылар саны – 2 232 құрады. Бұл жалпы сырқаттанушылықтың 19,6% - ы және оқушылардың жалпы санының 1% - ы. Олардың 642-сі немесе 29% - ы мектепке бармас бұрын ауырған, осылайша 1 590 жағдай мектептерде тіркелді. Эпидпроцесске 125 мектепте 1237 сынып қатысты. 1526 оқушы сауығып, мектепке оралды. Қазіргі уақытта 88 мектепте 303 сыныпта карантиндік шаралар жалғасуда. 3-8 сынып оқушылары арасында CОVІD-19 ең көп тіркеледі – бұл 963 жағдай немесе оқушылардың жалпы сырқаттанушылығының 43,1%», - деді спикер статистикалық мәліметтермен бөлісе отырып.  


Жалпы сырқаттанушылықтың 52,6% жұмыс істейтін халық және 25,4% - жұмыссыздар құрайды.