13.10.2021 _ 11:40

Бейбіт Шаханов: Ауылдық жерлердегі ең жоғарғы сумен жабдықтауға қолжетімділік Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында байқалуда

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіндегі өз жолдауында 2025 жылы халықтың сапалы сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 94,1% құрады, оның ішінде: ауылдарда - 90,1%, қалаларда - 97,5%. Бұл 17,7 млн астам адам. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов Қазақстанның қалалары мен ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.

«Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы қала халқы 100% сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылған. Ауыз суға ең төмен қолжетімділік Жамбыл облысында байқалуда. Ауылдық жерлердегі ең төменгі сумен жабдықтауға қолжетімділік Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалуда. Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі ең жоғарғы сумен жабдықтауға қолжетімділік Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында тіркелді», - деді Б.Шаханов.  


Спикер барлық елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету үшін, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әрбір ауыл ескерілген халықты кезең-кезеңімен қамту жоспары әзірленгенін атап өтті.