25.11.2021 _ 15:00

Тарифтік кестеге сәйкес: Маңғыстау облысының әкімі өз еңбекақысы туралы

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі есеп берді. Журналистер әдеттегідей «Сіздің еңбекақыңыз қанша?» деп сұрады Нұрлан Ноғаевтан. Спикер нақты санды атамаса да, өз әріптестерінен артық-кем алмайтынын жеткізді.

«Мұны білгісі келетіндер көп. Осы алаңда сөз сөйлеген әріптестерімнің барлығы дерлік өз еңбекақысының мөлшерін айтты. Мен олар сияқты аламын. Нақты бір тарифтік кесте бар, еңбекақым сол бойынша төленеді», - деп жауап берді өңір басшысы.


Ақтөбе және Қызылорда облыстарының әкімдері өз еңбекақыларының мөлшері 1,8 млн теңге екенін айтты.