26.11.2021 _ 15:40

1991 жылдан бастап 2020 жылға дейін Ақмола облысының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 10 млн теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды

Бүгінгі таңда Ақмола облысы маңызды аграрлық-индустриялық өңірлердің бірі болып табылады. Республика көлемінде елімізде өңделетін әрбір 10 тонна уран, подшипниктердің 100%, астық жинау комбайндарының 67%, мамандандырылған автомобильдердің 47%, кен орнында өндірілетін алтынның 45%, жартылай өңделген алтынның 27%, тракторлардың 43%, құс етінің 34% және сүттің 18% өндіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары облыстың индустриялық секторы үлкен серпіліс жасады. 1991 жылдан бастап 2020 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 млн теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 9 млн теңгеден 870 млрд теңгеге дейін ұлғайды.  


«Көп жағдайда тартылған ішкі және сыртқы инвестициялардың арқасында 35 заманауи, ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын құрылды. Олар: «Алтынтау Көкшетау», «Новопэк», «ЕНКИ», «Қазақстандық Агро-Инновациялық Корпорация», «Көкше-Цемент» және басқалары. Жоғарыда аталған жобалардың барлығы облыс экономикасы үшін серпінді жобаларға айналды. 


Соңғы жылдары аймақ нақты құрылыс қарқынын бастан кешуде, жылына жарты миллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілуде, оны облыс орталығы мен басқа да елді мекендерден көруге болады. Сонымен қатар, 30 жыл ішінде 7 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. 62 мыңнан астам ақмолалық отбасы жаңа пәтерлерге көшті», - деді спикер.  


Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешен өңір экономикасының ажырамас бөлігі және флагманы болып қала береді. 1991 жылдан бастап ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,5 млн теңгеден 682 млрд теңгеге дейін өсті.