12.05.2022 _ 12:20

Металл сынықтары стратегиялық шикізат болып табылады - М. Кенжебаев

Біз тыйым салуды қолдаймыз. Орталық коммункиациялар қызметі алаңында тәуелсіз Қазақстанда құрылған орта және шағын металлургиялық кәсіпорындар атынан «KSP Steel» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігінің директоры Мейіржан Кенжебаев сөз сөйледі. Оның әріптестері сынықтан жасалған және қайта өңдеу арқылы қосылған құны бар өнімдер шығарады. Ол 2012 жылы отандық кәсіпорындар алғаш рет сынықтардың тапшылығын сезінгенін еске салды. Сондықтан компания сынықтар нарығын әділ реттеуге бастамашы болған.

«Неге бәрі сыныққа қызығады? Мысалы, кендегі темір мөлшері 35% -50% құрайды. 1 тонна темір рудасын өңдегеннен кейін 570 кг шойын алынады. 1 тонна қара металл сынықтарын өңдегеннен кейін 990 кг таза темір алынады. Шойыннан темір жасау үшін оны үрлеу керек: оттегі қосып, СО2 алынады. Қазіргі кезде әлемде металлургия саласы осы бағытта дамып келеді, осылайша барлық елдерде металл сынықтары шикізат болып табылады, меніңше, бұл стратегиялық шикізат», - деп атап өтті сарапшы.