13.05.2022 _ 12:23

Картельдік сөз байласу қаупі. Мемлекеттік сатып алуды бақылау жұртшылыққа тапсырылады

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамның осы жұмысқа тартылуы маңызды рөл атқарады. Бұл тәсіл қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктерін кеңейтуді көздейді, ол қоғамдық кеңестердің қызметімен ғана шектелмеуге тиіс. Қоғамның сатып алуды бақылау және белгілі бір бұзушылықтар туралы сигнал беру мүмкіндігі болуы керек. Бұл үшін не қажет, – деді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.

«Ол үшін қосымша цифрлық құралдар жасап, азаматтарға оларға қол жеткізуге мүмкіндік беру керек. Біз қазірдің өзінде тиісті ұсыныстар енгіздік. Бұл бағытта уәкілетті органдар, атап айтқанда Қаржы министрлігі жұмыс істеуде. Анықтама үшін, «Атамекен» ҰКП-ның «сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі бар. Бұдан басқа, ұлттық палата картельдік сөз байласу тәуекелін анықтау бойынша модуль әзірлеуде – бір IP-мекен жайдан өтінім берген, бір заңды мекен жайы, байланыс, е-mail бар өнім берушілерді бөліп көрсету. Аталған тәуекел профильдер мемлекеттік сатып алу веб-порталы шеңберінде іске асырылуы мүмкін. Қаржы министрлігінің аталған порталын дамыту мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылауды күшейтуге, сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді спикер.