20.05.2022 _ 12:28

Проблемалық компаниялар мен бір күндік фирмалар енді сатып алуға қатыспайды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шеңберінде Қаржы министрлігі деңгейінде бірыңғай апелляциялық орган құрылды. Бұл проблемалық мәселелерді жоғары деңгейде жедел және жүйелі шешуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында тұтастай бірыңғай практика мен тәсіл құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді.

«Бұдан басқа, шешімдер қабылдаудың айқындығы, тәуелсіздігі және бейтараптығы қамтамасыз етіледі. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы бойынша біліктілік талабы енгізілді, ол мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде 4 параметр - кірістер, салықтар, негізгі құралдар, еңбекке ақы төлеу қоры бойынша автоматты түрде айқындалады. «Қаржылық тұрақтылық» ұғымын енгізу тиісті салық жүктемесі, сондай-ақ жеткілікті материалдық және еңбек ресурстары бар, беделі жақсы компаниялардың сатып алуға қатысуын қамтамасыз етті. Осылайша, проблемалық компаниялар мен бір күндік фирмалар енді сатып алуларға қатыспайды», - деп түйіндеді спикер.