21.06.2022 _ 14:20

Халыққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетіні туралы ескертіледі

Химиялық өңдеу қалай жүргізіледі? Халық бұл туралы ескертіле ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс осы сұрақтарға жауап берді.
Халыққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетіні туралы ескертіледі

«Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізбес бұрын бірқатар алдын ала шаралар жүргізіледі, оның ішіне халықты жайылымға мал шығару-шығармау, химиялық өңдеу жұмыстарының қай жерде жүргізілетіні жайлы ескерту де кіреді. Бұл жұмыстарға ауылдық округ әкімдері де қатысады. Шегірткеге, басқа зиянкестерге қарсы тиісті жұмыстарды өткізудің мерзімдері бар. Бұл туралы жергілікті жердегі халық уақытылы хабардар етіледі», - деді спикер өз жауабында.