27.07.2022 _ 13:50

Ілеспе аурулары бар пациенттер 52% құрайды

КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан реанимациялық төсек-орынмен қамту 8%-ды құрайды. Реанимация бөлімшелерінде 44 адам бар, оның ішінде реанимациялық науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында, Қызылорда облысында байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Оның айтуынша, өкпені жасанды желдету аппаратына 7 пациент қосылған. Оның ішінде, 70 жастан асқан 5 пациент, бір жасқа толмаған нәресте – 1. Барлық пациент қоса жүретін аурулармен ауырады, кардиологта және терапевтте диспансерлік есепте тұрады. 

«Негізінен, барлық пациенттерде қоса жүретін аурулар бар. Осылайша, пациенттердің 19%-нда артериялық гипертензия, 9%-нда жүректің ишемиялық ауруы, 6%-нда қант диабеті, 4%-нда өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және т.б. байқалады. КВИ-мен ауыратын пациенттерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету үшін КВИ-мен ауыратын науқастарды бақылау бойынша 2400, оның ішінде ауылда 1000 мобильді бригада ұйымдастырылды»,- деді Есмағамбетова.