29.07.2022 _ 10:10

ҚР-да 2005 жылдан бастап азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жауапкершілікті негізгі, міндетті және ерікті деңгейлерде бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады.

Еңбек қызметін жүзеге асыруға қарамастан, базалық деңгейде Қазақстан азаматтары әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек алады.  


Міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді.