17.08.2022 _ 11:10

М. Башимов: Конституция - бәрінің негізі және оған қайта оралуымыз керек

«Конституциялық өзгерістер Жаңа Қазақстанды құрудың құқықтық және саяси негізі ретінде». Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингке қатысушылар Конституция күні қарсаңында жаңа еңбекті таныстырды. Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов атап өткендей, бұл «қолдануға арналған нұсқаулық».

«Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі ай өтті. Референдумда біз халық үшін, даму үшін оң, маңызды, сындарлы Конституциялық принциптерге, әділеттілікке дауыс бердік. Магистранттар мен докторанттарға арналған дәрістерде Мемлекет басшысы айтқан нормалар - азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуы үшін теңдік пен әділеттілік, ашықтық және қызметтің айқындығы қағидаттарын іске асыру - бұл біз қайта оралатын Конституцияның барлық нормалары, оны қалай жүзеге асыратынымыз - бұл Конституциямен тікелей байланысты деп айтамыз. Біздің міндетіміз - екі ай бойы жұмыс істеген міндеттермен таныстыру. Шын мәнінде бұл ауыр жұмыс, бұл халықаралық тәжірибені пайдалану, конституциялық бақылау органдарының шешімі. Біз көп еңбек еттік, ол Ұлттық академиялық кітапхананың сайтында орналастырылған. Оны құқыққа қызығушылық танытқан әр адам оқып, таныса алады. Бұл баптар бойынша жазылған  алғашқы пікірлер, ең бастысы - Конституция, біз оған қайта оралуымыз керек. Бұл Ата заңымыз, бәрінің негізі, Конституцияның үстемдігі - басқа ештеңе қажет емес. Алда көп іс күтіп тұр», - деді сарапшы.


Атап айтқанда, сөз Конституцияға сәйкес келмейтін кейбір заңдарды қайта қарау туралы болып  отыр.