28.09.2022 _ 14:40

Денсаулық сақтау вице-министрі тұмауға қарсы профилактика шараларын сақтауға шақырды

Елімізде вакцинация жұмыс берушілердің және халықтың жеке қаражаты есебінен де жүргізіледі. Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жеке вакцинация орталықтарында, тұрғылықты жер бойынша емханалардың екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

«Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін медициналық мекемелердің мекен жайларын тұрғылықты жердегі аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және денсаулық сақтау басқармаларынан білуге болады. Бюджет қаражатына сатып алынған вакцинадан басқа, Қазақстанда тұмауға қарсы тағы 7 вакцина тіркелген, олардың 3-уі Ресейде,  2-уі Голландияда, Францияда және Қытайда 1 вакцинадан өндірілген», - деді вице-министр. 


Сөзін қорытындылай келе ол халықты вакцинацияны уақтылы алып, қарапайым профилактика шараларын сақтауға шақырды.