30.09.2022 _ 14:30

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізіледі

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мақсатында әзірленген заң жобасы бірқатар жаңалықтарды қарастырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.

«Біріншіден, үш деңгейлі институционалдық жүйені енгізу. Екіншісі, кәсіптік біліктіліктерді тану тәртібін регламенттеу. Үшіншіден, еңбек нарығының бейресми және информалды білім беруді тану. Жеке шеберлікті растау мүмкіндігі. Қызметкерлерді ынталандыру шаралары», - деді ол.