30.11.2022 _ 12:30

Қала тұрғындарына 5 мың электржылытқыш тегін берілді

Жылытқыштар қымбаттап кетті. Бұл жағдай бақылауға алынды ма? Бүгін Екібастұз қаласының жылу желілерінің ағымдағы жағдайы және температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өткен брифингте спикерлерге журналистер осындай сұрақ қойды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қала тұрғындарына 5 мың электр жылытқыш тегін берілгенін атап өті.

«Сұраныс артты, онда баға да көтеріледі. Бүгін таңертең жылу берген үйлерді аралағанда бір кісі өзім сатып алдым деді. Әкім бірден тапсырма берді, оған электржылытқыш құрал апарып берілді. Оны сатып алудың қажетті жоқ. Бәріне жетеді. Компания иелері, Аманат партиясы, волонтерлер көмектесіп жатыр», - деді вице-премьер өз жауабында