19.01.2023 _ 14:20

Бибісара Асаубаева: атақты жеңіп алғаннан гөрі сақтап қалу қиын

Алматы қаласында өткен шахматтан Әлем чемпионатында блицте өз атағын қорғаған екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында жарысқа қалай дайындалғандығы және осы жылға арналған жоспарлары жайлы айтып берді.
Бибісара Асаубаева: атақты жеңіп алғаннан гөрі сақтап қалу қиын

 «Мен Әлем чемпионатына мұқият дайындалдым. Бұл үлкен жауапкершілік болды, өйткені атақты жеңіп алғаннан гөрі сақтап қалу қиын. Мен үздік екенімді дәлелдеуім керек болды», - деді Бибісара Асаубаева. 


Биыл әйелдер арасында өтетін маңызды турнирлер көп, соның ішінде Үндістан мен Польшада өтетін екі гран-при сериясы, нокаут жүйесі бойынша өтетін Әлем кубогы, жыл сайын өткізілетін жылдам шахмат пен блицтен Әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы командалық Әлем чемпионаты бар.