19.01.2023 _ 14:45

Қазақстан шахмат федерациясы елімізде балалар шахматын дамытуға жоғары баға берді

Қазақстанда шахмат жоғары деңгейде дамып келеді, соның ішінде балалар арасында. «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласында өткен шахматтан Әлем чемпионатының қорытындылары мен Федерацияның 2023 жылға арналған жоспарларына арналған брифинг барысында өз пікірін білдірді.

 «Біз олардың жетістіктеріне өте қуаныштымыз. Балалар мен жасөспірімдер құрамасы әлемдегі ең үздік командалардың бірі. Қазір жаңа буыны өсіп келеді. Әлем және Азия чемпионаттарында 40-тан астам бала медаль жеңіп алды. Қазақстанда балалар арасында ірі шара өткізу дамуға жаңа серпін береді», - деді Дәрмен Сәдуақсов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан Нидерланд елімен Дүниежүзілік балалар шахмат олимпиадасын өткізу құқығы үшін таласуда.