25.01.2023 _ 12:10

Жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының сапасына қанағаттануы 67% құрайды – «Атамекен» ҰКП

Алдыңғы жылдары бұл көрсеткіш төмен болған болатын. Мысалы, 2018 жылы өзектілік 33%, былтыр 67%-ды құрады. Демек, соңғы уақытта білім беру бағдарламаларының өзектілік деңгейі артып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов мәлімдеді.
Жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының сапасына қанағаттануы 67% құрайды – «Атамекен» ҰКП

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 67% құрады. Жылдан жылға оқу орындары білім беру бағдарламаларының сапасын арттырады, бизнеспен «серіктес болады», бағдарламалар әзірлейді, дуальді түрде оқытады. Бұл қуантарлық жайт», - деді спикер.


Сонымен қатар ол талапкерлердің назарын білім беру бағдарламаларын дұрыс таңдаудың маңыздылығына аударды.

«Қазақстанда 119 ЖОО бар, бұл өте көп. IT-бағыт бойынша 60-тан астам ЖОО маман дайындайды. Әрине, бұл кезде таңдау қиын. Заң мамандығы бойынша еліміздің 50-ден астам жоғары оқу орны оқытады. Ол үшін Ғылым және жоғары білім министрлігімен болашақта қандай бағдарламалар, қандай рейтингтер, жұмысқа орналасудың қандай деңгейі, қандай жалақы болатыны көрсетілген рейтинг дайындадық», - деді Азамат Бейсенбенов.


Оның айтуынша, жоғары балл жинаған талапкерлер көбінесе Қазақстан-Британ техникалық университетін – 104, Астана медицина университетін – 101, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін - 94 балл таңдайды.