30.01.2023 _ 12:10

Қаржы министрлігі: наурыз айына қарай скоринг жүйесі дайын болады

3 наурыздан бастап қарызы бар азаматтар банкроттыққа өтініш бере алады. Жүйе қаншалықты дайын және азаматтың банкроттық рәсімнен өтуіне болатынын қалай тексеретіні туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.

Оның айтуынша, электрондық немесе қағаз түрінде өтініш бергеннен кейін Мемлекеттік кірістер органдары деректерді алатын 22 ақпарат дереккөзіне сұрау салады. Бүгінгі таңда интеграция жолға қойылған. 

«Скоринг жүйесі әзірленді. Бүгінде ол басқа ұйымдармен және мемлекеттік органдармен сынақтан өткізілуде. Қазір жүктеме ұлғайтылуда. Наурыз айына қарай бұл жүйе дайын болады. Бүгін порталда өтініш нысандары орналастырылды. Азаматтар танысып, 8-не дейін өз ұсыныстарын, түзетулерін енгізе алады. Тұтастай алғанда, өзара әрекеттесу жүйесі реттелген, ақпараттық жүйе дайын. Яғни, біз азаматтың өтінішіне ғана сүйенбейміз, басқа дереккөздер арқылы да тексереміз», - деді спикер.