30.01.2023 _ 14:45

А. Абылайхан: ҒЖБМ кәсіби бағдар беру жобасын қолдайды

«Болашаққа сеніммен» жобасы мектеп оқушыларын мамандық таңдауға баулуға бағытталған. Жоба шеңберінде «Болашақ» Қауымдастығының өкілдерді мектептерді аралап, оқушыларды шетелдік және отандық жоғары білім беру жүйелерінің ерекшеліктерімен таныстырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі аталған жобаны қолдап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлімдеді.
А. Абылайхан: ҒЖБМ кәсіби бағдар беру жобасын қолдайды

Оның айтуынша, бүгінде барлық мектептерде кәсіптік бағдар берумен айналысатын мамандар бар. 

«Жас буынның болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал ету өте маңызды. Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан «Мамандығым – болашағым» атты жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында да 1 млн-ға жуық мектеп оқушысын кәсіби диагностикадан, тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл жерде әр баланың ерекше қабілеті ескеріледі. Бұл ғылыми тұрғыдан жасалған жүйе», – деді спикер.


Сонымен қатар жоба аясында ІТ құзыреттілігі бойынша оқу бағдарламаларын бүгінгі нарықтың талабына сай жұмыстар жүргізіліп жатыр.