02.02.2023 _ 11:40

Ым тілі – ерекше балалардың өз қабілеттерін іске асырудың жолы

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Ым-ишарат тілінде ән айту» номинациясы бойынша Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар алқасының төрағасы Хасан Исраил ым тілін үйренудегі проблемалар жайлы айтып берді.

 
«Адамдар тап болатын проблемаларды «Көру қабілеті бұзылған адам заттан, есту қабілеті бұзылған адам қоғамнан алшақтайды» деп түсіндіруге болады. Басты мәселе осы. Ым тілі ерекше және әдемі», – деді Хасан Израиль.  


Оның пікірінше, мемлекет ым тіліне мәртебе беруі тиіс.