06.12.2023 _ 11:30

Өңдеу өнеркәсібі пулындағы барлық 9 жоба іске асты - Ақмола облысының әкімі

Ақмола облысының өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн теңгені құрады. Былтырмен салыстырғанда өсім 13%-ға тең. Өңдеу саласындағы көрсеткіштер 11,3%-ға артты. Бұл металлургия, тамақ өнімдері және машина жасау сияқты базалық салалардағы өсіммен тікелей байланысты. Құрамында алтыны бар кендер және концентраттар өндіруді ұлғайту есебінен тау-кен өндіру секторында 21%-ға тең өсім байқалады.

Бұл мәліметтерді аймақ басшысы Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады. Ол оң динамиканың бар екенін атап өтті.

«Өңдеу өнеркәсібі пулы аясында жарияланған құны 38,7 млрд теңгеге тең 9 жоба іске асырылды. Бұл «Макинск құс фабрикасы" кәсіпорнының үшінші кезегі, «Adelya Gold» ЖШС кенді өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасы, «KAIK» ЖШС шығаратын «Rostselmash» тракторлары мен комбайндарын өндіру және басқалар», – деп атап өтті спикер.

Қазір «Unicorn Holdings Ltd.» және «BIG FARM» сынды 2 ірі агроөнеркәсіптік кешенді әзірлеп, іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.