«ІІМ жоспарына сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолдану мерзімінің аяқталатыны туралы СМС хабарлама сервисін әзірлеу көзделген. 15-ке жуық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер композиттік форматқа ауыстырылады және 18 қызмет экс-аумақтық негізде, яғни тұрғылықты мекен жайға қарамастан көрсетіледі. Мысалы, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау жөніндегі қызмет осындай форматта қолжетімді болады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, қорғаныс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, сауда, өнеркәсіп және құрылыс салаларында 9 комиссияның қызметі жойылады.