Оның айтуынша, алдын алуда ең бастысы – тәуекелдердің алдын алып, жағдайды талдау. Жүйелілік байқалған жағдайда – қадағалау органына хабарласу. Мысалы, СОО-ның бірінде бірнеше бала эскалаторда саусағын қысып алды, дәрігерлердің өтінішімен тексергеннен кейін көтергіште бір тікенектің жоқтығы анықталды. Немесе мектеп маңындағы жаңа жаяу жүргіншілер өткелінде апаттар жиілеп кетті, бір апта ішінде жол-көлік оқиғаларынан 8 адам зардап шекті, нәтижесінде бағдаршам орнатылды.
«Егер ЖКО салдарынан ауыр жарақат алған немесе биіктіктен құлаған екі бала түссе, 400 төсек-орынға есептелген ауруханана түгелдей оларды емдеу процесіне тартылады. Оларды емдеу өте қиын. Бәріміз бірге осы жарақат алу факторына әсер етудің қандай да бір тетіктерін табуымыз керек. Себебі балалар - біздің болашағымыз. Балалар әлемді зерттейді. Ал жарақаттар болып тұрады. Алайда, келтіріліп отырған көрсеткіштерді азайтуға болады. Барлық жарақаттың алдын алуға болады», - деді балалар травматологы.