27.08.2024 _ 12:00

БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының ҚР өкілі: MICS нәтижесінде ұлттық және аймақтық деңгейде жақсы шолу жасалады

Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) неге маңызды? Бұл сұраққа ОКҚ алағында өткен баспасөз конференциясында БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Доктор Рашед Мұстафа Сарвар жауап берді.

Ол бірнеше маңызды тармақтарды атап өтті. Біріншіден, бұл әлемдегі және Қазақстандағы балалар арасындады ең үлкен зерттеу. Ол даму деңгейін және назар аударуды қажет ететін олқылықтарды анықтайды. Екіншісі - тұрақты даму үшін прогресті өлшеу.

«MICS – бұл әлемнің жүздеген елінде жұмыс істейтін бірыңғай халықаралық әдістеме. Менің ойымша, бұл аймақтағы және Орталық Азия тобындағы ең үлкен зерттеу. 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізіледі. Ұлттық және аймақтық деңгейде өте жақсы шолу жасалады. Біз қай аймақ қай орында тұрғанын және неге назар аудару керектігін салыстыра аламыз. Қазақстанның Ұлттық статистика бюросымен бірге төртінші MICS өткізіп жатырмыз. Мен серіктестігімізді мақтан тұтамын», - деді спикер.