26.12.2024 _ 17:20

Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары

Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қолданылып жатыр. Биыл 4,5 мың тауарлық позиция бойынша 7 Үкімет қаулысы қабылданды. Енді бұл тауарлар сатып алуға міндетті болып табылады. Отандық шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алынатын қызметтер тізбесі бекітілді. Заңға сай офтейк келісім-шарттар енгізілді. Яғни, елімізде шығарылатын тауарлардың жеткізушілері мен мемлекеттік органдар тікелей шарт жасаса алады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, заңға тәуелді актілер мен отандық тауар өндірушілерге міндетті түрде 30%-дық аванс төленеді.  

«Біздің тауар өндірушілер үшін кез келген өтінімнің кепілдемесін алып тастап жатырмыз. 3 түрлі кепілдеме бар. Тауар өндірушілер үшін айыпақы көлемін азайтамыз. 10 түрлі айыпақы бар. Айыппұлды 3%-ға дейін түсіріп отырмыз. Бұл да біздің тауар өндірушілер үшін үлкен қолдау деген ойдамыз», – деді спикер.  

Аймақтардағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында көп жұмыс атқарылды. 1 жылдан артық уақыт жұмыс істеп, материалдық-техникалық базасы бар, уақытылы салық төлейтін компанияларға балдық үстемақы беру жүйесі пилоттық режимде енгізілді.