29.01.2025 _ 14:50

«Қазақстан халқына» ҚҚ серіктестерімен бірлесіп, ауылдағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп жатыр

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің білім беру саласында 19 бағдарлама мен жобаны іске асырып жатыр. «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы Қордың басты қайырымдылық жобасына айналды. Серіктестермен бірге 135 тірек мектебі жабдықталды. Ағымдағы жылы жоспарда тағы 56 нысанды жабдықтау жоспарда бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев хабарлады.
«Қазақстан халқына» ҚҚ серіктестерімен бірлесіп, ауылдағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп жатыр

Оның айтуынша, тірек мектептері  басқа оқу орындарына үлгі болып, ауылда білім беру сапасын арттыру үшін тәжірибе мен біліктілікті арттыратын «құзыреттілік орталықтарына» айналмақ.   

«Біз цифрлық технологияларды пайдалана отырып, тірек мектептері арқылы шағын жинақты білім беру ордаларында оқыту жүргізілетін схеманы пысықтадық. Пән мұғалімдері тапшылығын жою үшін офлайн және онлайн оқытуды біріктірідік. Пилоттық жобаны Ақтөбе облысында бастадық. Шағын жинақталған мектептерде 2 кабинет жабдықталды. Тірек мектептерінің оқытушыларымен бірге шағын жинақты мектептерде білім берудің 4 әдістемесі пысықталды. Оқу-ағарту министрлігі мен Үкімет мұндағы оқыту сапасын арттыру бастамасына жоғары бағасын берді. Әкімдерге бұл жүйені енгізу ұсынылды», – деп атап өтті спикер.    

Ауылдар мен моноқалаларда 360 робототехника кабинеті құрылды. Сонымен қатар Қордың білім беру гранттары бойынша аз қамтылған отбасылар мен ауылдық жерлерден 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі студент оқиды.