31.01.2025 _ 15:10

Мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы орта: қосымша шаралар қабылданады

Мәдениет, спорт және туризм инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттерінің бірі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді нысандар мен қызметтердің санын ұлғайту болып табылады. Ол үшін концерттік ұйымдарда, театрларда, мәдени демалыс ұйымдарында, кітапханаларда, мұражайлар мен мұражай-қорықтарда, цирктерде, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт объектілері мен құрылыстарында кедергісіз орта құру көзделіп отыр. Мәселен, мұндай объектілерді мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету жоспарда бар. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ брифингінде хабарлады.
Мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы орта: қосымша шаралар қабылданады

Сондай-ақ инклюзия саласындағы ағарту жұмыстарының негізгі міндеті қоғамның хабардарлығын арттыру арқылы адамның қадір-қасиетін, адамзаттың физикалық әртүрлілігін құрметтеу құндылықтарын ілгерілету болады. Инклюзия саласындағы ағарту жұмыстары тиімділігінің өсуі мүгедектіктің құқық қорғау моделін ілгерлететін ақпараттық, ойын-сауық және тартатын контентті құру және тарату процесіне тартылған ақпараттық индустрия қызметкерлері үшін мүгедектердің құқық қорғау моделі бойынша әдістемелік құралдар әзірленеді.  

Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасы қатаң бақылауға алынады.  

«Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға мониторинг жүргізу, талдау және бағалау мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен кезең-кезеңімен ықпалдаса отырып, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру мәселесін пысықтау көзделген», – деп түйіндеді спикер.