«Кеше Ақмола облысындағы бір сайлау учаскесіне барғанымызда: «Бұл жерде қанша сайлаушы дауыс береді?» деп сұрадық. Учаске қызметкерлері шамамен 1,7 мың сайлаушы болады деп жауап берді. Оның ішінде мүгедектігі бар бір ғана сайлаушы бар екен. Соған қарамастан, мұндай азаматтар үшін барлық қажетті жағдай жасалғанына көз жеткіздік. Қазақстанда әр сайлаушының құқығы маңызды», – деді спикер.