Құс тұмауының түрін анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жалғасуда. Бұл ауру адамдар үшін қауіпсіз. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында сарапшылар қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді.
«Тірі құсты сыртқа шығаруға қойылған шектеулер басқа аймақтарда құстың бұл ауруды жұқтыруына жол бермеуге байланысты. Тиісті өңдеуден кейін өнімдерді тұтынуға болады. Әзірге, өндірілген орны бойынша ғана. Біз Солтүстік Қазақстан облысында болдық, әкімдіктің аумақтық қызметтері Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен бірлесіп жүргізіп жатқан ветеринариялық іс-шаралармен таныстық. Вакцинациялауды уақытында жүргізген құс фабрикалары құстарын сақтап қалды», - деп сендірді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.
Сонымен қатар, олар компартментализация талаптарына сәйкес келеді. Бұл қолайсыз аймақта жағдай жақсарғанға дейін оқшаулау туралы шешім қабылданатын кездегі халықаралық қағида. Бұл өнімдер тұтыну үшін қауіпсіз болады.