Ең бастысы - кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендеу. Сондықтан түсіндіру үшін кездесуге ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов шақырылды.
– Келісім комиссиясы жыл бойы жұмыс істейді. Прогресс бар. Бірақ әлі шешімін таппаған бірқатар жүйелік мәселелер жеткілікті. Өткен отырыста біз нормативтік сан, кадрлардың ауысуы, жабдықтарды жаңарту мәселелерін талқыладық. Әрине, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету шаралары бірінші орынға шығады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Кеншілер көтерген жаңа мәселелер туралы «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев хабарлады. Алты мәселені ортаға салды, оның ішінде жалақыны көтеру, 13-ші жалақы деп аталатын еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шараларды толық қамтамасыз ету, кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алуды және қызметкерлерді сауықтыру жүйесін жақсарту.
Зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі бойынша Ақмәди Сарбасов түсініктеме берді. Оның айтуынша, ведомствоаралық комиссия жұмысын жалғастыруда.
– Біз халықаралық тәжірибені зерттедік. Бірнеше нұсқалар қарастырылуда. Оның ішінде арнайы қосымша ақыларды енгізуді талқылап жатырмыз. Мемлекетпен қатар жұмыс беруші де міндеттеме алуы тиіс, – дейді Еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.
Ведомство кейінірек есептеулермен нақты схемаларды ұсынуға уәде берді.
Барлық басқа мәселелер қабылданды және олар бойынша шешімдер келесі кездесулерде айтылатын болады.