Бұл - облыста биылға БМК-дан салу жоспарланған он екі мекеменің жетіншісі.
Жобаның жалпы құны – 39 млн теңге. Ғимараттың аумағы – 108 шаршы метр. 12 тұрғынжайы бар, атап айтқанда вестибюль, дәліз, дәріханасы бар тіркеу орны, акушерлік қабылдау бөлмесі, егу бөлмесі, процедуралық кабинет, материалдар алу мен зерттеу бөлмесі, орта медициналық қызметкерлер бөлмесі, 2 дәретхана бөлмесі, сол сияқты басқа да тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктегі тұрғынжайлары бар. Ыстық су, жылу жүйесі жүргізілген, желдеткіш орнатылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Qaz Damu Construction» ЖШС мердігер ұйымы атқарды.
Жалпы жыл соңына дейін өңірде тағы 5 блок-модульді кешенді іске қосу жоспарланған. Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал және Кербұлақ аудандарында жалпы құны 900 млн теңге болатын барлығы 12 нысан жоспарланған. Мамандардың айтуынша, блок-модульді кешендер берік, қарапайым орнатылатын, ұзақ қызмет ететін құрылыс түрі. Сонымен бірге қолайсыз ауа райына төтеп бере алады, олардың қызмет ету мерзімі 30 жыл деп межеленеді.