14.11.2023 _ 11:40

Нариман Төреғалиев БҚО халқы толықтай көгілдір отынмен қамтылғанын айтты

Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында бірқатар апаттар орын алды. Бұл жайттар халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті Батыс Қазақстан облысында жылу-энергетика саласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндау барысында өңір басшысы Нариман Төреғалиев мәлім етті.

«Облыстағы электр беру желілерінің тозуы 82%-ды құрап отыр. Алдағы қыс мезгілінде апатты жағдайларды азайту мақсатында ағымдағы жылы  2 мың км астам электр желілері, 300-ге жуық қосалқы станция жөнделді», – деп хабарлады облыс әкімі.

Ол жалпы соммасы 11 млрд. теңге бюджет қаражаты есебінен  Орал қаласының Жылу электр орталығынның турбоагрегат пен градирняны қайта құру  және су бұру қондырғыларын жаңғырту мақсатында 2 кәріздік-сорғы станцияларын реконструкциялау жұмыстары қолға алынғанын хабарлады. Әкімнің айтуынша, градирня 2023 жылдың мамыр айында іске қосылса, турбинаны және  2 кәріздік-сорғы станциялары келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған. 

Облыс халқын ауыз сумен қамту мәселесі басым назарда. Әкімнің ақпаратына сәйкес, аймақтың 47 ауылдық елді мекендерін ауыз сумен қамтуға 6,3 млрд теңге бөлініп, 44 жобаны іске асыру жоспарланып, 50%-дан астамы пайдалануға берілді. Қалған ауылдарды жыл соңына дейін қамтитын боламыз. Нәтижесінде жыл соңына дейін ауыл халқының ауыз сумен қамтамасыз етілуі 94%-ды құрайтын болады. 

«Одан бөлек, 2024 жылдың жоспарына сәйкес 46 ауылды сапалы ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыс халқы толықтай көгілдір отынмен қамтылған», – деп атап өтті Нариман Төреғалиев.